Кітапхана туралы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫ БАСТАДЫҚ!








«Жасанды Зерде – мәдениет және өнер саласы мекемелерінің қызметінде» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны «Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ» КММ директоры ҚАБИБА АҚЖІГІТОВА жасанды интеллекті дамытудың қазіргі таңдағы өзектілігі туралы алғы сөзден бастады. Осыдан кейін, ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы САМАТ ҚАСЕНОВ алқалы жиынды ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мәдениет саласының 70-ке жуық қызметкері қатысқан екі күндік алқалы жиында Қазақстан, Белорусь және Ресейдің жасанды интеллект саласының білгірлері ғылыми-тәжірибелік сабақтар өткізетін болады. Еліміздегі Жасанды Интеллектің ұлттық тұғырнамасы туралы алғашқы дәрісті «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің ақпараттық технология бойынша директорының орынбасары САМИР КЕРИМОВ бастады. Ресей ҒА ҚҒбҒАИ кітапханатану ҒЗМ бас ғылыми қызметкері, ММЛУ ақпараттық-талдау қызметі кафедрасының доценті ВАДИМ СТЕПАНОВ Жасанды Интеллектің даму үрдісі хақында жан-жақты тарқата қаузады. Беларусь Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы интернет-порталының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі ДАРЬЯ ЯРУТИЧТІҢ мәдениет мекемелерінің веб-сайттарын SEO оңтайландыру үшін нейрожелілік шешімдерді қолдану тақырыбындағы сабағының үйретері де көп болды.
«Жасанды Интеллект + мәдениет, ғылым, білім: бірлесе даму» атты тақырыпта А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті кітапханасы директорының орынбасары СВЕТЛАНА МОРОЗОВА егжей-тегжейлі түсіндірді. IrbisGPT жобасы: Қазақстанның ұлттық тілдік үлгісін дамыту жоспарлары туралы еліміздегі «Gen2B» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры АТАЯН АРМЕН кеңінен баяндады. Ресейдің «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу тобының» жетекшісі ВЛАДИМИР ЛЮТЕЦКИЙ «Жасанды Интеллекті мәдениет мекемелерінде қолдану мәнмәтініндегі даму үрдістері» атты дәріс өткізді. Түстен кейін жиынның екінші жартысы «Жасанды нейрондық желілердің жұмыс қағидалары. Үлкен тілдік үлгілер және мәдениет мекемелері қызметінде қолданылуы» тақырыбындағы тренинг-сессиямен жалғасады.
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов