Кітапхана туралы
КОНФЕРЕНЦИЯ – ЕКІНШІ КҮН













«Жасанды Зерде – мәдениет саласы мекемелерінің қызметінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік алқалы жиын бүгін де сәтімен жалғасты. Еліміздің әр өңірінен жиналған мәдениет саласының өкілдері Жасанды Интеллект және заманауи Технология туралы білім-танымдарын іс-тәжірибе түрінде жетілдіруді жалғастырды. Нейрожелілік технологияны мәдени мұра нысандарын 3D-сканерлеуде қолдану, жасанды интеллект арқылы киім үлгілерін, көрнекіліктер, әуендік шығармалар жасау және мәдениет мекемелері пайдаланушыларының қызығушылығына қарай зияткерлік чат-ботты бейімдеу, сандық үлгідегі сәнді киімдер үлгісін жасау, сондай-ақ, иллюстрация және аудио/ бейнематериалдарды жасап, сапасын арттыруға арналған нейрожелілік құралдар туралы Оралхан Бөкей кітапханасының IT мамандары шеберлік сыныптарын өткізді. Осыдан кейін Ресей ҒА ҚҒбҒАИ кітапханатану ҒЗМ бас ғылыми қызметкері, ММЛУ ақпараттық-талдау қызметі кафедрасының доценті ВАДИМ СТЕПАНОВ «Мәдениет мекемелері - Жасанды нейрон желілері кезеңінде» тақырыбында қорытынды басқосу өткізді. Қатысушылар тақырып бойынша сан сауалдарын қойып, ой - пікірлерін бөлісті.
Алқалы жиын қорытындысында 70-ке жуық қатысушыға Сертификат берілді. Қатысушылар осы бағыттағы алқалы жиын келешекте де жалғасса деген тілектерін де жеткізді.
Бұл Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Жасанды Интеллектіні үйрету бойынша өткен екінші конференция. Болашақта да өткізу жоспарлануда.
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов