Кітапхана туралы












17 шілде күні біздің кітапханамен «Қазақстан темір жолы» қызметкерлері танысты. Қонақтар кітапханаға жазылған қала тұрғындары мен қонақтары пайдалана алатын заманауи инновациялық технологияларға таңданыстарын білдірді. Олар «ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» көрмесінде қазақтың ұлттық бас киімдерін қызығушылықпен виртуалды түрде киіп көрді, «Өзгерген Өскемен» фотогалереясын және Оралхан Бөкей шығармаларына арналған иллюстрациялар галереясын «тірілтті». Сондай-ақ, bokeylibrary.kz сайты мен bokey.kz электронды кітапханасының мүмкіндіктері жайлы білді. Қонақтар TechnoSHEBER 3D-зертханасына, мультстудияға, сенсорлық үстел мен VR-киіз үйге ерекше қызығушылық танытты.
Іс-шара соңында қонақтарға Абай Құнанбаев ескерткіштеріне арналған фотокөрме және ақынның 180 жылдығына орай әртүрлі тілдерде оқылған өлеңдерден тұратын бейнеролик ұсынылды.