news
Оралхан Бөкей атындағы кітапханада – Абай әлеміне саяхат!

Біздің кітапханада қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ең бай көрме өз қонақтарын күтеді. Көрмеде Абайдың шығармаларының жаңа басылымдары, заманауи зерттеу еңбектері мен суретті альбомдар ұсынылған.

Сонымен қатар, арнайы фото-көрмеден Абай ескерткіштерінің еліміздегі және шетелдегі көріністерін тамашалай аласыз.

🔍 VR-локaция арқылы М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасының көріністеріне еніп, ұлы тұлғаның өмір жолын жаңа қырынан сезінесіз.

🎬 Кеш соңында – үлкен экранда Абай туралы көркем фильм көрсетіледі.

📍 Өтетін орны: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Жаңалықтар
Контактілер