Оралхан Бөкей атындағы кітапханада — прокуратура қызметкерлерімен тағылымды кездесу

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қала және облыс прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен танымдық іс-шара өтті.

Кездесу барысында қонақтарға ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылып, Абайдың философиялық көзқарастары мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі жайлы мазмұнды мәліметтер берілді.

Кітапхана қызметкерлері «Абай жолы» романының жазылу тарихына тоқталып, Абайдың ағартушылық миссиясы мен оның идеяларының қазіргі қоғамдағы өзектілігіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Жаһанға мәшһүр Абай!» және «Абайды әлем оқиды!» атты бейнематериалдар көрсетіліп, Абай мұрасы терең мазмұнмен және әсерлі визуалды материалдармен толықтырылды.

Экскурсия барысында қатысушылар кітапхананың заманауи мүмкіндіктерімен танысты:

-3D бағдарламалау технологиялары

-Интерактивті панельдер

- Оралхан Бөкейдің электронды кітапханасы

-Мультимедиялық жобалар

- Абай мен Оралхан Бөкейге қатысты тарихи орындарға арналған VR-экскурсиялар

Іс-шара соңында қонақтар өз әсерлерімен бөлісіп, Абай идеялары мен бүгінгі қоғам арасындағы үндестікке тоқталды.

- Мұндай кездесулер — мәдени мұрамызды ұлықтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің жарқын жолы.

- Кітапхана ұжымы Абай мұрасына терең қызығушылық танытқан барлық қонақтарға алғыс білдіреді.

Ұлы ойшылдың мұрасы — ұлт руханиятының шамшырағы!

Новости филиалов