Оралхар Бөкей атындағы кітапхана кинозалында тамашалыңыз

Құрметті оқырмандар, ардақты ағайын!

Биыл — ұлтымыздың маңдайына біткен дана ақын, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы. Бұл — тек бір тұлғаның ғана емес, бүкіл қазақ руханиятының ұлы мерекесі!

Осы айтулы мерейтой аясында Оралхан Бөкей атындағы кітапхана баршаңызды «Құнанбай» көркем фильмін тамашалауға шақырады.

Бұл туынды — халқымыздың тағдырлы тарихынан сыр шертетін, әділет пен парасат жолында өмір сүрген, ел басқарған кемеңгер тұлға Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі ғұмырына арналған.

Фильмде терең таным, тарихи шындық және ұлттық рух ұштасқан. Ақиқат пен ар-ұждан жолындағы күресті көркем тілмен суреттейтін бұл кино көрерменге мол тағылым сыйлайды.

Ұлт болмысын ұлықтайтын осындай туындыны бірге тамашалап, тарих тереңіне үңілейік!

Новости филиалов