Кітапхана туралы






«Ұлттық құндылық - Отбасынан басталады»
«Отбасы күні» және «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекелеріне орай «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ 5а-6а сыныптарының оқушылары рухани орталығымызда қонақта болды. Ұл-қыздарға кітапханамыздағы заманауи технологиямен үндестіре жүзеге асырған жоба жұмыстарын көрсетіп, таныстырдық. Оралхан Бөкейдің шығармашылығы туралы танымдық әңгіме өткізіп, «Тілдер шеруі» атты іс-шарада Қазақ тілі және әлем халықтарының тілдері туралы қызықты ақпараттар айтып бердік. Ал, кітапханамыздың Киіз Үйінде батагөй қариямен жүздесіп, АтаТек: Жеті Ата және ақ Батаның құндылығы туралы танымдық сұқбатқа қатысты. Жас достарымыз шараға белсенді қатысып, риза болдық.