Кітапхана туралы






📖 «Үлбі» металлургия зауыты» АҚ ардагерлерінің кеңесі және «Алтын жастар» клубымен бірлескен «Кітапхана – егде адамдардың зердесін дамыту орталығы» атты жоба аясында Оралхан Бөкей атындағы кітап ордамызда «Шешен халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы» атты мәдени-танымдық саяхат өткіздік.
🎶 Қатысушылар шешен халқының бай тарихы және мәдениетімен, ұлттық музыкалық аспаптарымен танысты. Ұлттық билерін тамашалап, көңілдері бір серпіліп қалды.
🙏 Осы орайда «Металлургтер мәдениет сарайы» және «Вайнах» шешен-ингуш би ансамблі шарамыздың мәнді де сәнді өтуіне көмектесіп, ұлттық киіммен қамтамасыз еткен ынтымақтастықтары үшін айырықша алғыс айтамыз!
🤝 Мұндай рухани кездесулер елімізде мекен ететін ұлыстардың өзара достығын нығайтуға ықпал ететіні күмәнсіз.