news
«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» — АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ

«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар арасынан құралған образдар. Олардың өмірдегі прототиптері бар,-дейді жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ.Айгерім бала шағында-ақ ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні»әңгімесін оқып, үш мұңлықтың қасіретін жүрегімен сезініп, күйзелген еді...Бәлкім, қолына қалам ұстауға әсер еткен де заңғар жазушының осы әңгімесі болар...Сүйіншілі жаңалық! Айгерім жақында «АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» атты жаңа кітабын бұқараға ұсынды. «Тоңазытқыш», Күнәһар», «Қаралы құдық» деп жалғаса беретін 20 әңгіме, шетелклассиктерінен аударған 4 әңгіме, 1 драманы оқысаңыз, сан қилы адамдармен жүздесесіз. Тағдыр тәлкегіне үшыраған жандардың жанайқайын жаныңызбенсезінесіз. Ағысқа қарсы жүзе білгендердің жігеріне тәнті боласыз. Соныменбірге, өзекті тақырыптардағы 12 мақаласының да берері көп.«Мен Айгерімнен адам жанынажылылық пен жақсылық сезімін ұялататын тағдыр тамыршысын – тумысы терең жазушының дидарын көремін», - депті ғалым Тұрсын Жұртбай. «АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» кітабын оқып, біз де солай ойладық.Ендеше, Сіз де оқып көріп, пікіріңізді бөлісіңіз!

Жаңалықтар
Контактілер