Кітапхана туралы
Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!

Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы білім беретін ұйымдардан 7–11 сынып оқушылары мен 9-сынып негізінде оқитын колледждердің 1–2 курс студенттерін мектеп оқушылары арасындағы «Формула интеллекта» 2025 интеллектуалды ойындар Чемпионатының жыл сайынғы аймақтық (елдік) іріктеу кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылданатынын хабарлайды.
Аталған чемпионат Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей Федерациясы Республикаларының қатысушылары арасында өткізіледі (елдер санының кеңеюі мүмкін).
Аймақтық кезеңнің іріктеу ойындары ҚР атом саласы кәсіпорындарының қатысуы немесе мүддесі бар, Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясының мүшелері орналасқан келесі қалаларда өтеді:
Шығыс Қазақстан облысы:
– Өскемен, Сәрсен Аманжолов атындағы ВКТУ және Оралхан Бөкей атындағы кітапхана;
– Риддер;
Абай облысы:
– Семей, Шәкәрім атындағы университет, физтех және биохимия факультеттері;
– Курчатов;
Алматы және Алматы облысы:
~14–16 қазан – Алматы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
~14–16 қазан – Талғар;
Астана және Ақмола облысы:
– Астана;
– Ақкөл;
– Степногорск;
Қарағанды облысы:
– Теміртау.
Аймақтық кезең ойындарының өткізілу мерзімі – 2025 жылғы 29 қыркүйектен 7 қарашаға дейін.
Ойындар қала бойынша кемінде 6 мектеп немесе колледжден өтінім түскен жағдайда өткізіледі. Егер қалада жеткілікті өтінімдер жиналмаса, командалар жақын орналасқан басқа қаланың ойынына қатыса алады (бірігу арқылы).
Өтінімдер қабылдау ойынға бір күн қалғанда аяқталады >>> өтінім формасы мен нұсқаулық nuclear.kz сайтында >>>
Ойын өткізу уақыты мен күнін мына телефоннан нақтылауға болады: +7 708 125 5120 (WhatsApp) Алиев Сеит Абеуханович.
Қазақстан Республикасынан финалға аймақтар бойынша ранжирленген тізімге сәйкес және жалпы рейтинг нәтижесі бойынша (Ұйымдастырушы анықтайды) 6 жеңімпаз команда шығады.
Қазақстандық финалистер үшін финалдық ойын 15 қараша күні Астанада Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясының немесе оның серіктестерінің коммуникациялық алаңында өтеді – финал елдер арасында онлайн-телекөпір режимінде ұйымдастырылады.
Чемпионатқа қатысу ерікті, жол жүру және басқа шығындар өтелмейді.
Чемпионаттың өту тілі: орыс тілі.
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көргенқиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов