news
ДЖИМ САЙМОНС – КІТАП ОРДАМЫЗДА!

Американың Колорадо штатынан келген ҚАЕУ профессоры Джим Саймонс біздің құрметті мейман болды. Кітапханамыздағы заманауи жобаларымыз - КомиКсклуб, Мультфильм Студиясы, 3D ТехноШЕБЕР орталығымен таныстырдық. Джим Саймонс мырза КиізҮйімізде VR-Асық атуды ойнап, дән-риза болғаны сонша қазақ тілінде рақымет айтты. Танымдық танысудан кейін Америка кітапханаларының бүгінгі заманауи келбеті және бұқараға қызмет көрсетудегі жаңашылдықтары және т.б. тақырыптар бойынша ой-пікір бөлістік. Шетелдік мейман жүзеге асырылған жобаларымыздың нәтижесіне көңілі толғанын айтты.
Бұған қоса, мейманымыздың өзі де балаларға арнап кітап жазады екен! Бізге өзі жазған кітабын тарту етті.
Профессор Джим Саймонсқа шын жүректен алғыс айтамыз!

Жаңалықтар
Контактілер