Кітапхана туралы









Бүгін ерекше құрметті қонақтар - облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері кітапханамызға келді.
Ұстаздарға заманауи жобаларымыз бойынша жүзеге асырылған жаңашыл жұмыстарымыз мультфильм түсіру студиясы мен «ТехноШЕБЕР» 3D баспа орталығымызды және т.б. таныстырдық. AR көрмелерімізді көрсеттік. Мектеп оқушыларының білімін жан-жақты дамытуға ықпал ететін заманауи курстарымыз бен жобаларымыз туралы әңгімелеп бердік.
Кездесудің екінші бөлімінде «БуМАГИЯ» паперкрафт үйірмесінің шығармашылық сыныбын өткіздік. Өз кезегінде жылы жүздесу мен шабыт нышаны ретінде құрметті қонақтарымызбен бірге жүрек бейнелі
сый тарту жасадық.
Мұндай рухани кездесулер мұғалімдер мен кітапхана мамандарының жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру бағытындағы өзара ынтымақтастығын дамытады деп сенеміз.