news
БІЛІМ + ТЕХНОЛОГИИ = ҰЗАҚ ӨМІР КЕПІЛІ!

📚 «Үлбі металлургия зауыты» АҚ ардагерлер кеңесі және «Алтын жастар» клубымен бірлескен «Кітапхана - егде адамдарды дамыту орталығы» атты жоба аясында кітап ордамызда танымдық кездесу өткіздік.

🧬 Шара барысында қант диабеті ауруының алдын алу туралы әңгіме болды. Дерттің асқыну себептері, белгілері туралы айтылды. Дұрыс тамақтану, күнделікті белсенді қимыл-қозғалыс және жүйелі түрде тексеруден өтіп тұрудың маңыздылығы да ерекше ескертілді. Қатысушылар тақырыпты өзара талқылап, тәжірибелерін бөлісіп, көкейлеріндегі сан сұрақтарға жауап алды.

💻 Денсаулық тақырыбын түйіндеген соң Жасанды Интеллекті күнделікті тірлік барысында пайдаланудың қыр-сырын үйреттік.

Жаңалықтар
Контактілер