Кітапхана туралы











Сіз Зейнеткерсіз бе? Ұзақ Өмір сүргіңіз келе ме? Әрине!
Ендеше, төрт қабырғаға қамалып, қартаймаңыз! Біздің кітап ордамызға келіп, жасарыңыз!
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ ардагерлер кеңесі және «Алтын жас» клубымен атты жобамыз бойынша жасамыс жандарға ұсынар жақсылықтарымыз көп.
Кезекті кездесуімізде қатысушылар «Шеберқолдар» үйірмесінде паперкрафтың қыр-сырын үйреніп, сүйкімді қоянның бейнесін бірге жасады. Нәтижесінде өз өнерлеріне өздері марқайып, мәз-мейрам болды.
«Кел, сөйлесейік!» («Приходи, поговорим!») атты қазақ тілін ауызекі сөйлеуді үйрету клубының курсына қатысып, мемлекеттік тілді меңгеруге ықыласпен ден қойды.
Осылайша. бұл күнді мазмұнды және белсенді өткізіп, ұзақ ғұмыр жасаудың кілтін тапты.