Кітапхана туралы







Қазақ әдебиетінің алып тұлғасы Оралхан Бөкейдің туған күніне арналған «ОРАЛХАН БӨКЕЙ: АЛТАЙ ТҰЛҒАЛЫ АЙБОЗ» атты шарамызға қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары жазушының шығармашылық әлеміне саяхат жасады.
Пәлсапа тұнған әдеби мұрасын жан-жақты зерделеді. Әр шығармасындағы туған Елдің тылсым тынысын, туған Жердің қасиеті мен халықтың сан қырлы болмысын жете сезініп көрді...
Жазушының «100 кітап» тізіміне енген «АТАУ КЕРЕ» туындысын талдап, ұмыт бола бастаған және сирек қолданылатын сөздерді ұлықтады.
Ұлтымыздың әрбір көне сөзі – қазақ тілінің баға жетпес байлығы. Оларды өмірімізге қайта оралту бүгінгі жас ұрпақтың басты борышы екені де баса айтылды.