Кітапхана туралы









1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай «Кітапхана – егде жастағы адамдардың зияткерлік даму орталығы» атты жобамызды таныстыру салтанатын өткіздік. Шара барысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары ИРИНА СМИТ және Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы АЛЕКСАНДР СВЕТАШ бұл заманауи орталықзейнеткерлердің өміріне жағымды өзгерістер әкелетінін атап өтіп, Қарттар күнімен құттықтады.
Жаңашыл жобаның демеушісі – «KAZZINC» ЖШ әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ АНДРЕЙ ПАВЛОВИЧКЕ алғыс айтамыз!
Заманауи орталықта Зейнеткерлер немен айналысады?
✓ Өздерін жан-жақты дамытады.
✓ Смартфон мен компьютерді және Жасанды Интеллекті пайдаланудың қыр-сырын үйренеді.
✓ Заманауи технологияны меңгеру арқылы күнделікті тұрмыста өздеріне қажет қызметтерге оңай қол жеткізетін болады.
✓ «КӨҢІЛДІ КЕШТЕР» клубында түрлі тақырыптарда сұқбаттасып, кітап оқып, рухани демалады.
✓ «ПАПЕРКРАФТ» үйірмесінде шығармашылықпенайналысу арқылы саналарын сергітеді.
✓ Кітап қоры мен газет-журналдар парақтап, басқа да түрлі үйірмелер мен курстарға тегін қатысып, дүниетанымдарын дамытады.
✓ Мүддесі бір замандастарымен сырласып, әр күндерін мазмұнды өткізу арқылы денсаулықтары жақсарып, өмір жастары ұзарады.
✓ Осылайша, үйде төрт қабырғаға телміріп, жабығып отырудан құтылады.
ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР!
Біздің «Зияткерлік даму орталығы» – Сіздер үшін!
Күн сайын келіңіздер, қуана қарсы аламыз! Барлығы – Тегін!
Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Славкий атындағы Ертіс жағалауы, 22