news
Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың «Иссык-Куль–2025» халықаралық конференциясына қатысуының қорытындылары

Бүгін, 4 қазан күні, Қырғыз Республикасында өткен «Ыстықкөл–2025» атты 23-ші Халықаралық конференция өз мәресіне жетті.

Күннің бағдарламасы «Кітапханалар – мәдени мұраны сақтау мен тарату орталығы, әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастырушы» секциясымен жалғасты. Онда қатысушылар кітапханалардың ұлттық бірегейлікті сақтаудағы және мәдени диалогты дамытудағы рөлі туралы пікір алмасты.

Конференция қорытындысы бойынша цифрлық трансформация жағдайында кітапхана ісін дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарын айқындайтын Резолюция қабылданды.

Іс-шара соңында салтанатты түрде қорытынды шығару және Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігінің атынан қабылдау рәсімі өтті.

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана үшін конференцияға қатысу – халықаралық ынтымақтастық саласындағы жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі.

Біз ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде өткізілген шара, қонақжайлылық және кітапханамыздың жұмысын халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Жаңалықтар
Контактілер