news
Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қарттарға арналған нейрожаттығу сабағы!

Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қарт адамдарға арналған нейрогимнастика сабағы өтті.
Мұндай кездесулер дәстүрге айналып келеді, себебі ол қатысушыларға тек дене белсенділігін ғана емес, ой ұшқырлығын да сақтауға көмектеседі.

👵👴 Инструктордың жетекшілігімен қатысушылар есте сақтау, назар аудару және қимыл үйлесімділігін дамытуға арналған жеңіл әрі пайдалы жаттығулар орындады.
Сабақ жылы атмосферада өтті — күлімсіреу, әңгімелесу және көтеріңкі көңіл күй сабақтың ажарын ашты.

💬 Қатысушылар нейрожаттығулардың арқасында өздерін сергек сезінетінін, көңіл-күйлері жақсарып, жаңа істерге шабыт алатынын атап өтті.

📅 Сабақтар кітапхананың жайлы оқу залында тұрақты түрде өткізіледі.
Барша қала тұрғындарын белсенді өмір салтын ұстануға және жақсы көңіл күй сыйлайтын осындай пайдалы кездесулерге қатысуға шақырамыз!

Жаңалықтар
Контактілер