Кітапхана туралы
📚 «Алтын Жастар» клубы және «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның «Кітапхана – егде адамдардың даму орталығы» атты жобасы аясында кітап ордамызда кезекті шарамызды өткіздік.
«Ұзақ өмір сүру кепілі: қимыл-қозғалыс, дұрыс тамақтану және білім» тақырыбындағы басқосуда салауатты өмір сүру туралы сұқбат құрдық.
Денсаулықты сақтау үшін қалай дұрыс тамақтану керек, күніне қанша су ішу қажет және күш-қуатты сақтауға арналған қарапайым, тиімді кеңестер жайында сөз қозғап, ой-пікір бөлістік.
🥗 Осындай пайдалы әңгімеден кейін зейнеткерлерге компьютердің қыр – сырын көрсетіп, күнделікті өмірдегі қажеттіліктерге қалай пайдалану керектігін үйретуді жалғастырдық.