news
Тіл үйрену – жасқа қарамайды

Кітапханамызда егде жастағы қала тұрғындарына арналған интеллектуалдық даму орталығының ашылғанына көп уақыт болған жоқ. Бүгінгі күннің өзінде бұл жобаға көптеген қартаң оқырмандарымыз қызығушылық танытып, белсенді қатысуда.
Орталықта бірнеше үйірмелер мен шеберлік және тәжірибелік оқулар жұмыс жасайды. Кітап ордасының мамандары қатысушыларды сандық технология саласын меңгеруге, «техношеберлікке», компьютерлік бағдарламалармен жасқанбай жұмыс істеуге үйретеді.
Жоба аясында тіл үйрету сабақтары да жүзеге асырылуда. Зейнеткерлер, әсіресе, қазақ тілін үйренуге құлшыныс танытуда.
Бүгінгі өткен сабақта олар қазақша санауды, қосуды, нәтижесін шығаруды меңгерді. Олардың мемлекеттік тілді терең білуге деген қызығушылықтары зор.

Жаңалықтар
Контактілер