Кітапхана туралы
Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада зейнет жастағы азаматтарға арналған мобильді сауаттылық пен жасанды интеллект курстары табысты жалғасуда.
Қатысушылар үлкен қызығушылықпен смартфонды пайдалануды, қосымшалармен жұмыс істеуді және нейрожелілер көмегімен заманауи цифрлық жобалар жасауды үйреніп жүр.
Ерекше әсер қалдыратын сабақтардың бірі — ескі фотосуреттерді қалпына келтіру, арт-суреттер жасау және оларды «жандандыру». Осылайша тыңдаушылар өздерінің отбасылық тарихын жаңа технологиялар арқылы қайта тірілтуде.
📸 Әр сабақ — жаңа мүмкіндіктер әлеміне саяхат, ал зейнеткерлер өз үлгісімен дәлелдеп жүр: жаңа нәрсені үйрену ешқашан кеш емес!
💡 Баршаңызды аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-де
Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға шақырамыз!