news
«Қазақстан – Ресей: Ашық оқу. Шекарасыз – 2025»

«Қазақстан – Ресей: Ашық оқу. Шекарасыз» атты халықаралық мәдени-ағартушылық жоба екі елдің оқырмандарын, кітапханашыларын, жазушыларын және қоғам қайраткерлерін біріктіріп, табысты түрде жүзеге асырылып келе жатқанына биыл он бір жыл болды.

Осы жоба аясында 8 қазан күні Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Менің ата-бабам: Естеліктер. Дәстүр. Тіл» атты форумның салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараның мақсаты – Ресей мен Қазақстанның балалары мен жасөспірімдерінің ұлттық және мәдени бірегейлігін дамыту, дәстүр мен фольклор, тіл және қазақ пен орыс халықтарының құндылықтары жөнінде ашық диалог құру.

Ашылу салтанатында жобаның модераторы және жетекшісі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, балалар әдебиеті мен оқуы саласының маманы Л.В. Степанова, Санкт-Петербург суретшілер одағының мүшесі, балалар кітаптарының танымал иллюстраторы, «Кітап графикасы және балалар кітаптарын иллюстрациялау» курсының оқытушысы Е.В. Толстая мен Е.С. Алякина, Ленинград облыстық балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы сөз сөйледі.

Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары, мектеп кітапханашылары және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің филиалдарынан келген әріптестер қатысты. Форум аясында шығармашылық кездесулер, бірлескен оқулар мен тәжірибе алмасу 14 қазанға дейін жалғасады. Санкт-Петербургтен келген әріптестер қала және облыс кітапханаларымен танысады.

Жаңалықтар
Контактілер