Кітапхана туралы
📚 Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Кітапхана – қарт адамдардың интеллектуалды даму орталығы» жобасы аясында қызықты әрі шығармашылық шара өтті.
🤸♀️ Сабақ нейрожаттығудан басталды — қатысушылар есте сақтау қабілетін, назар мен қозғалыс үйлесімділігін арттыруға бағытталған қарапайым әрі тиімді жаттығулар орындады.
🎨 Ақыл мен денеге арналған сергітуден кейін қатысушылар аниме стилінде адам жүзін салып көрді. Бұл ерекше формат қиялды дамытып, ұсақ детальдарға назар аударуға және шығармашылық процестен ләззат алуға мүмкіндік берді.