Кітапхана туралы
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛТЫН КІТАБЫ» жинағында есімі ардақталған аймағымыздың абыройлы азаматы ТАНТЫБАЕВ НҰРЛЫБЕК СЕЙІТҚАЗЫҰЛЫМЕН тағылымды кездесу өткіздік.
Әрине, жүздесуімізді бірден сүйінішті салтанаттан бастадық.
Нұрлыбек Сейітқазыұлының өнегелі өмірі туралы жазылған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛТЫН КІТАБЫ» жинағын Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы АЙГУЛЬ КАБАКОВА салтанатты түрде табыс етті.
Осыдан кейін абыройлы азаматтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетілді. Ақ тілектер ақтарылып, әсерлі әңгіме өрбіді.
ТАНТЫБАЕВ НҰРЛЫБЕК СЕЙІТҚАЗЫҰЛЫ – өзінің мықтылығын Байқоңырда әскер қатарында жүргенде көрсеткен. Сөйтіп, алғашқы медалін сарбаз болып жүргенде-ақ өңіріне жарқырата тақты.
Азаматтық парызын өтеп келген соң Өскемендегі қорғасын – мырыш зауытында еңбек жолын бастап, қиын да күрделі өндірісте 15 жылға жуық еңбек етті. Бұл Қарабұлақтай қасиетті Ауыл-Ананың баласы Нұрлыбектің қайсар да, қайратты қасиетінің тағы бір дәлелі.
1994 жылдан бастап Нұрлыбек Сейітқазыұлы өз кәсіпкерлігі мен қайырымдылық істерін бастады. Еліміздің әлеуетін арттыруға қосқан орасан зор үлесі үшін «Өнегелі үлгі», «Отан патриоты», «Атамекен», «Туған жерге тағзым» медальдарымен марапатталды.