news
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР — КІТАПХАНАДА!


Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бөлімшесінің өкілдері және қала мен өңір аудандарының мемлекеттік қызметшілері арнайы келіп, кітап ордамызбен танысты.
IT технология мен бүгінгі таңдағы өзекті жаңашылдық Жасанды Интеллект бағдарламаларының қыр-сырына қанығып, қажетті ақпараттар алды.
Заманауи жобалар бойынша жүзеге асырылған сан салалы жұмыстарымызбен танысты.
Кітап ордамыздағы бұқара игілігіне арналған тегін үйірмелер, курстар мен клубтар және басқа да қызмет түрлері туралы да айтып, көрсеттік.
Абай мен Оралхан Бөкейдің әдеби мұраларына да қызығушылықтары да жоғары болып, кітаптарын оқуға алды.
Рухани-танымдық таныстырудан соң, алған әсерлері мен ризашылықтарын жеткізіп, бірқатар үйірмелерге қатысуға деген ықыластарын да білдірді.

Жаңалықтар
Контактілер