Кітапхана туралы
Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толды.
Атаулы жылға орай ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті біздің кітапханада өз қызметтері туралы кәсіби көрме ұйымдастырды.
Бұл фотокөрмеде еліміздің қауіпсіз өмірі үшін күн - түн демей еңбек етіп жүрген төтенше жағдайлар саласындағы азаматтардың жанкешті еңбегіне куә боласыздар
Бүгін Өскемен жоғары политехникалық колледж студенттері және кітапхана оқырмандары фото-көрмемен танысып, төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің қиын да күрделі еңбегіне тәнті болды.
Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі және әр облыстардағы департаменттерінің басты мақсаты ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлардың алдын алып, түрлі апаттар кезінде адамдарды құтқару және зардаптарды жою.
Осындай қиын да күрделі қызметті абырой-беделмен атқарып келе жатқан ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ұжымын мерейтойларымен құттықтаймыз!