Кітапхана туралы
📚 Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қарт адамдардың зияткерлік даму орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Бұл – аға буынның жаңа білім алып, шығармашылықпен айналысуына және өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін ерекше орын.
✨ Орталықта түрлі бағыттағы қызықты сабақтар ұйымдастырылған:
💻 Қатысушылар Egov порталымен, түрлі мобильді қосымшалармен жұмыс істеуді үйренеді, заманауи цифрлық құралдарды меңгереді және жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысады.
🤝 Барлық қалаушыларды сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 9:00-де өтетін сабақтарға шақырамыз.
📍Өтетін орны: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана.
Келіңіздер – үйренуге, шабыттануға және жаңа білімге жол ашуға ешқашан кеш емес! 🌟