news
Кітаппен өткен жаз: «Әкім оқуға шақырады» байқауы қалай өтті

Кітап жаздың серігіне айналған сәт – бұл жай ғана демалыс емес, нағыз саяхат! Біздің кітапхана жыл сайын дәстүрге айналған «Әкім оқуға шақырады» байқауын өткізеді. Байқаудың қорытындылары еліміздің басты мерекесі — Қазақстан Республикасының күніне орай жарияланады!

Биылғы «Әкім оқуға шақырады» байқауына қатысушылар оқыған кітаптары туралы жаңаша түрде әңгімеледі. Балалар жасанды интеллект көмегімен бейнероликтер жасап, комикстер, цифрлық презентациялар және заманауи технологияларды пайдалана отырып түрлі креативті жобалар ұсынды. Бұл – қиялдың жарылысы мен оқудың технологиямен тамаша үйлесетінін дәлелдеген ерекше шара болды!

Мерекенің ерекше бөлігі – үздік балалар кітаптары қойылған үлкен кітап көрмесі болды. Көрме әйгілі жазушылардың, ғалымдардың, өнертапқыштар мен ғарышкерлердің оқу туралы қанатты сөздерімен толықты. «Электромобиль мен зымыран жасаушы», «бүкіл әлемді баураған ертегілер авторы», «ғарышқа алғаш ұшқан адам» сияқты тұлғалардың сөздері оқу – арманға, ойлауға және жаңалық ашуға бастайтын іргетас екенін айқындады.

Шара барысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Смит Ирина Федоровна құттықтау сөз сөйледі. Ол балалармен өз табыс құпиясымен бөлісіп, жетістікке жетудің жолы – оқу мен жаңа технологияларды меңгеруде екенін айтты.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Кездесуді жарқын да көңілді «анимашкалар» — сүйікті кітап кейіпкерлері жандандырып, мерекені нағыз сиқырлы әрі есте қаларлық оқиғаға айналдырды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздер оқу — сәнді, қызықты және ең бастысы маңызды екенін дәлелдедіңіздер. Кітапханада жазғы демалыста сіздерді асыға күтеміз! 📚✨

Жаңалықтар
Контактілер