news
Ағылшын тілі – жаста шектеу жоқ!

Оралхан Бөкей атындағы кітапханада үлкен жастағы азаматтарға арналған ағылшын тілі курстары сәтті өтуде.
Сабақтар тек тілді үйретіп қана қоймай, есте сақтау қабілетін арттырып, зейінді шоғырландыруға және жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді.
Қатысушылардың айтуынша, әр сабақ жылы да достық атмосферада өтеді, ал тіл үйрену – қызықты әрі шабыт сыйлайтын үдеріс.

📚 Сабақтар аптасына екі рет өткізіледі:
Сейсенбі – 14:00
Жұма – 14:00

Барлық ниетті зейнеткерлер мен қарт жастағы оқырмандарды курсқа қатысуға шақырамыз!
Тілді меңгеру – жаңа мүмкіндіктер әлеміне жол ашады! 🌍

Жаңалықтар
Контактілер