news
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫ!

Отанымыздың мерейлі мерекесі «Республика күні» және «Кітапханашылар күніне» орай Оралхан Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары ЖИЕНБЕКОВА ЖАНАТ МӘУІТҚЫЗЫ Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты «ЕРЕН ЕҢБЕГІ» медалін өңіріне жарқырата тақты.

Сонымен бірге, «О.Бөкей атындағы ОКЖ» КММ қарасты №2 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі ГҮЛЖАН ТӨРЕЖАНОВА және Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың «Шет тілдері бөлімінің» меңгерушісі, ағылшын тілі маманы СҮЛЕЙМЕНОВА АРАЙЛЫМ ЖОМАРТҚЫЗЫ, бағдарламашы ДАНИЛ ГОЛОВАНОВ Өскемен қаласы әкімінің «АЛҒЫС ХАТЫМЕН» марапатталды.

Әріптестерімізді қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңалықтар
Контактілер