news
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ – РУХТЫ ЖҮЗДЕСУ

Отанымыздың мерейлі мерекесі «Республика күні» және «Кітапханашылар күніне» орай кітап ордамызға құрметті қонақтар келді.

Туған жеріне сапарлаған сайын Оралхан Бөкейдің рухына тағзым етуді дәстүрге айналдырған жазушы, саяхатшы, оралхантанушы ӘЛІБЕК АСҚАР және әманда бізді қолдап жүретін Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы ӘЛІБЕК ҚАҢТАРБАЕВТЫ қошеметпен қарсы алдық.

Алаштанушы, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы ЕЛДОС ТОҚТАРБАЙДЫҢ арнайы келуі де біз үшін айырықша қуаныш болды.

Аға буынның әңгімесін ыждаһатпен тыңдаған ЕЛДОС НҮСІПҰЛЫ өз кезегінде бүгінгі таңдағы бұқараға ортақ өзекті мәселелер туралы толғады.

Балалар әдебиетін оқыту арқылы жас ұрпақты ұлттық рухта жан-жақты тәрбиелеу және ұрпақ денсаулығын сақтау хақындағы әңгімесін көпшілік аса ықыласпен тыңдады.

Алаш Қайраткерлерінің жас ұрпаққа ұлағат болар ғибратты ғұмыры мен ерлікке толы еңбегін насихаттау арқылы жастардың санасына сәуле түсіру туралы ЕЛДОС НҮСІПҰЛЫНЫҢ қордалы ойлары да көңілімізді толқытты.

Осылайша, ЕЛДОС ТОҚТАРБАЙ – жас та болса көсемсөзді көкейтесті ойларымен тәнті етті. Қайраткер ақын Мағжан Жұмабаев «мен жастарға сенемін» деген ұран-жырын Елдостай жастарға арнағандай...

Ұлтшыл жүрек дарынмен келешекте тағы да дидарлассақ екен деген жұртшылық тілегі де көп болды.

Осындай ғанибетті сұқбаттан кейін жазушы өзінің «АЛАШ СӨЗІ», «ІЛИЯС ЖАНСҮГІРҰЛЫ КІМ», «ТАУ ҚҰСЫ», «КӨГЕРШІН ЖҮРЕК», «ӨТЕПБЕРГЕН» атты балаларға арналған байлығын кітап ордамызға тарту етті.

Жас ұрпақты ұлтын, елі мен жерін сүюге баулитын тағылымды кітаптармен алдағы апталарда жеке-жеке таныстыратын боламыз!

Құрметті Ата-Аналар, балаларыңыздың ұлттық тәрбиесіне ұлағат бұл кітаптарды біздің кітап ордамыздан алып, ұл-қыздарыңызға оқытуды ұсынамыз!

Мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Хабарласыңыздар:

Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыздар:

+7 7778550705,

8(7232) 25-17-70

Жаңалықтар
Контактілер