news
Күзгі демалыс – шабыт пен мейірімге толы күндер Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өтті!

Бүгін біздің кітапханада ерекше қайырымдылық шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шеберлікті Өңірлік мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Бүньков Егор өткізді.

Егор балалар үйінің «Үміт» тәрбиеленушілеріне өз идеялары мен білімімен бөлісіп, технология мен шығармашылықты біріктірудің тамаша үлгісін көрсетті. Сабақтың тақырыбы — патриоттық бағыттағы интерактивті электрлік ашықтама жасау болды.

💡 Ашықтама желісі қасиетті Самұрық құсы туралы аңызға негізделген. Самұрық Бәйтеректің ұшар басына алтын жұмыртқа салады — бұл күннің, өмір мен үміттің символы. Ең ғажабы, ашықтамадағы алтын жұмыртқа расымен нұр шашып жанды, тек құс ағаштың ұшар басына көтерілген сәтте!

🔧 Бұл сиқырдың сыры – кішкентай электр тізбегінде. Егор оны балалармен бірге калька, жарықдиод, геркон, магнит және батареялардың көмегімен жинады.

Балалар ерекше қуанып, таңғалып, өз қолдарымен жасап көруге тырысты. Уақыт шектеулі болғандықтан кейбірі жұмыстарын толық аяқтай алмады, бірақ материалдарды өздерімен бірге алып, үйде жалғастыруға уәде берді.

✨ Шеберлік сабағы қатысушыларға шабыт, қуаныш және өз күшіне сенім сыйлады.
Егор – кішкентай болса да, үлкен жүректі, білімін басқалармен бөлісе білетін жарқын үлгі!

Жаңалықтар
Контактілер