Кітапхана туралы











Бүгін “Нұрорда” мектеп-лицейінде садақ атудан мектеп оқушылары арасында «ЖАС МЕРГЕН» облыстық телетурнирі өтті. «ЖАС МЕРГЕН» облыстық телетурнирі «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, «ALTAI» телеарнасы мен «Керемет садақ ату» орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен, ШҚО әкімдігі және ШҚО Спорт басқармасының қолдауымен өтті. Бұл жарыс— ата-бабамыздан қалған асыл дәстүрдің, мергендік өнердің, ерлік пен ептіліктің жалғасы іспетті.
🏹 Садақ — ер қаруының бірі, бес қарудың төрінен орын алған. Ол тек аң аулаудың немесе соғыстың құралы емес, қазақ батырларының айбары, ер жігіттің намысы болған. Ежелгі дәуірден бері садақ ату — дене шынықтырумен қатар, сабыр мен дәлдікті, зейін мен рухты тәрбиелейтін өнер саналады.
📚 Осы шараға орай Оралхан Бөкей атындағы кітапхана “Нұрорда” мектеп - лицейінде арнайы көрме ұйымдастырды.
Көрмеде садақтың тарихы мен жасалу тәсілін баяндайтын кітаптар, жыраулардың ерлік рухын дәріптеген жырларынан үзінділер, сондай-ақ шынайы садақ пен жебе қойылды.
Қонақтарға әр елдегі садақ ату дәстүрлері мен спорттық жарыстар жайлы бейнеролик көрсетіліп, көрмені тамашалаған жандар ұлттық мұра мен қазіргі заманның тоғысқан тұсын сезінді. Бұл күн — тек жарыс емес, қазақтың рухани байлығын дәріптеген ерекше мәдени сәт болды.Оралхан Бөкей кітапханасы – «Жас мерген» турнирінде ұлттық рухты дәріптеді