Кітапхана туралы



























29 қазан біздің кітапханада кішкентай оқырмандар үшін ерекше «Дауыстап оқу» атты тамаша іс-шара өтті!
Ғажайып ертегілер әлемі көз алдымызда тіріліп, әр бала өздерін сүйікті кейіпкерлердің орнында сезінді.
Бағдарламада:
🔹 Кітапхана бойынша экскурсия — «ертегілер қорымен» және сүйікті кейіпкерлермен танысу.
🔹 Ертегі оқу — балалар сүйікті ертегілерін қызыға тыңдады.
🔹 Мәтінді визуализациялау — ертегі әлемін көз алдына елестетіп, оның бояуын, дыбыстарын сезінді.
🔹 Ертегіні сахналау — балалар оқылған ертегіден көрініс қойды.
🔹 Ертегі кейіпкерлерін суреттеу — әркім өз қиялындағы кейіпкерін бейнеледі.
🔹 Өз кейіпкерін ойлап табу — балалар өздерінің ерекше ертегі кейіпкерлерін және олардың оқиғаларын құрастырды.
🔹 Мультипликациялық бұрыш — қатысушылар ертегі желісі бойынша шағын мультфильмдер жасады.
🔹 Балалар кинозалы — сүйікті мультфильмдерді тамашалау біздің ертегідей күнімізді тамаша аяқтады! Күн ерекше әсерлі, шығармашылыққа толы және мейірімге бай болды!
Ертегі — бұл жай ғана кітап емес, ол әр жүректе өмір сүретін керемет әлем.