Кітапхана туралы

















Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты “М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы” Өскемен қаласы Оқу орталығының мамандары “Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында
кітапханамыздағы танымдық экскурсияға қатысты.
Биыл акция аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары және поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, биыл 90 жылдығы аталып өтетін әйгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтің туындылары оқуға ұсынылды.
Шара барысында қатысушыларға акцияның мәні түсіндіріліп, кітапхананың жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді кітапханамызға келіп, Тәкен Әлімқұловтың шығармаларымен және Жұмекен Нәжімеденовтің жырларымен танысуға шақырамыз!