news
Мүмкіндігі шектеулі емес – шексіз!

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың 3D орталығында ерекше жандардың жетістіктері қуантады! Біздің оқырмандарымыз 3D-баспа өнерін меңгеріп, алғашқы туындыларын жасап жатыр – мүсіншелер, бөлшектер, кәдесыйлар мен тұрмысқа пайдалы бұйымдар

🧩💡 Әр сабақ – жаңа білімге, сенімге және шығармашылық қуанышқа бастайтын қадам. 3D-баспа – армандарды шындыққа айналдыратын керемет мүмкіндік!

✨ Баршаңызды біздің жылы әрі қызықты кездесулерімізге шақырамыз:

📅 Сәрсенбі және жұма күндері, сағат 14:00-де

📍 Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың 3D орталығында Келіңіздер, технология әлемін бірге танып, шабыт алыңыздар және өз қолдарыңызбен ғажайып туынды жасаңыздар! 🌈

Жаңалықтар
Контактілер