Кітапхана туралы












Қаланың көшелері – тек белгілі адамдардың есімдері берілген атаулар ғана емес, бұл – қаланың тұтас тарихы. Көше атауларында қаланың және мемлекеттің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы ақпарат сақталған. Бұл есімдер өз дәуірінде өмір сүрген батырлар мен ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, өндіріс пен ғылым саласындағы тұлғалардың өмірін, еңбегін бейнелейді.
Бүгін біздің кітапханада №39 мектептің оқушыларына арналған «Туған қаламның көшелерімен саяхат» атты өлкетану квест-ойыны өтті.
Балалар бөлімі мамандары оқушыларға Өскемен қаласының көшелерінің физикалық картасын ұсынып, сенсорлы панель арқылы қаланың виртуалды картасын ашты.
Оқушылардың міндеті – қаламыздағы көшелердің қай ғалымның, өнеркәсіп қайраткерінің, ақын немесе жазушының, батырдың құрметіне аталғанын анықтау, соған байланысты сұрақтарға жауап беру, қажетті ақпаратты кітаптардан табу және сол көшелерде орналасқан көрнекті орындарды көрсету болды.
Балалар қаланың картасымен белсенді жұмыс істеп, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырманы табысты орындап шықты.