Кітапхана туралы


















Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ақын, аудармашы және әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық шара өтті.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері қазақ сөз өнерінің дара тұлғасы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық әлемімен танысты.
Оқырмандар назарына жазушының рухани мұрасын, ұлттық әдебиеттің алтын қорына енген туындыларын қамтыған кітап көрмесі ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық ізденістерін, қазақ прозасы мен әдеби сын саласына қосқан зор үлесін кеңінен әңгімелеп берді. Әңгіме барысында Тәкен Әлімқұлов туындыларының терең мазмұны мен олардың жастарға берер өнегелі мәні ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар кітапхананың руханият пен заманауи технологияны үйлестіре дамытып отырған инновациялық жобаларымен танысты. Электронды қорлар, мультимедиялық жобалар мен 3D орталық – кітап оқу мәдениетін жаңаша бағытта ілгерілетіп, жас ұрпақтың қызығушылығын арттыруға жол ашуда.