news
«Жұлдызшалармен дауыстап оқу» – ертегілер мен шабытқа толы күн!

Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың балалар бөлімінде «Арман» балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілері үшін ерекше «Дауыстап оқу» сабағы өтті.

👧🧒 Балалар қазақ халық ертегісі «Екі лақ» туралы әңгімеге қызыға құлақ түріп, кейіпкерлердің мінезін талдап, сұрақтарға белсенді жауап берді. Кішкентай тыңдаушылар кейіпкерлерге еліктеп, секіріп, ойнап, ертегі әлеміне еніп кетті.

🎨 Шараның шығармашылық бөлігі де өте қызықты өтті: балалар үй жануарларының суреттерін бояп, оларға ат қойып, кейін кітапханадағы мультстудияда «Жануарлар фермасы» атты шағын анимациялық көрініс жасады. Өз суреттерінің экранда «тіріліп» қозғалғанын көрген сәт — балалар үшін нағыз ғажайып болды!

🎬 Күннің соңында балалар «Мақтаншақ ару» атты мультфильмді тамашалап, мейірім мен қарапайымдылықтың қадірін түсінді.

📚 Осындай шаралар балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қиялын дамытады және кітапхананы нағыз ертегілер мекеніне айналдырады!

Жаңалықтар
Контактілер