Кітапхана туралы








6 қараша күні Оралхан Бөкей атындағы кітапханада үлкен жастағы оқырмандарға арналған мобильді сауаттылық сабағы өтті. Қатысушылар экранды блоктау, қосымшаларды қорғау, алаяқтық хабарламаларды тану және жеке деректерді қауіпсіз сақтау жолдарын үйренді.
Әр тыңдаушы өз телефонына қорғаныс орнатып, жаңа білімін тәжірибеде қолданды. Мұндай сабақтар егде жастағы адамдарға цифрлық әлемде сенімді болуға көмектеседі және заманауи өмірдің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.
Баршаңызды компьютерлік және мобильді сауаттылыққа арналған тегін курстарымызға шақырамыз!
Сабақтар сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00 және 14:00-де өтеді. 📍 Өскемен, Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22 📞 8 (747) 212-83-31