Кітапхана туралы








ҚҰРМЕТТІ ӨСКЕМЕНДІКТЕР!
«ТӨЛ ТЕҢГЕМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН!» атты ерекше көрмеге шақырамыз!
- Қазақтың Ұлттық ақшасы – «ТЕҢГЕ КҮНІНЕ» арналған көрмеде төл ақшамыздың бағзы заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихымен танысасыздар;
- Әр дәуірдегі алтын, күміс және мыстан соғылған ақша түрлерін тамашалайсыздар;
- Алтын Орда дәуірінің көне ақшалары – Ұлы Жібек жолымен жеткен сауда-саттық керуендері туралы тілсіз сыр шертетін куәгерлер;
- Әр елдердің ежелгі тиындары – жаһан халқының ертедегі әлеуетінен ақпарат беретін айғақтар;
✨ Қазақстан Теңге сарайының заманауи үлгідегі Теңге топтамалары – ұлттық бедел белгісін тамашалап, мақтан тұтуға шақырамыз!
- Кітап көрмесінде Теңгелер мен әр ел ақшаларының тарихы туралы ғылыми негізде сыр шертетін қызықты басылымдарды да парақтайсыздар!
Көрмеге мектеп оқушылары мен ұстаздары сынып болып келуге де болады.
Сонымен бірге, мекеме қызметкерлерінің ұжымын да танымдық шараға шақырамыз!
Теңгелер көрмесі қараша айының соңына дейін жұмыс істейді. Келіңіздер!
Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Хабарласыңыздар, тапсырыс беріңіздер:
+7 7778550705
8(7232) 25-17-70