news
 15 қараша — Ұлттық валюта күні!

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» Өскемен қаласы оқу орталығының мамандары Ұлттық валюта күніне орай кітапханаға келіп танымдық экскурсияға қатысып, сирек кездесетін тиындар жинақталған көрмені тамашалады.

Меймандарға ұлттық валютаның тарихы мен даму кезеңдері туралы қызықты ақпараттар айтылды.

Қатысушылар кітапхана қызметімен танысып, тіл үйірмелеріне ерекше қызығушылық білдірді. Сондай-ақ автоматтандырылған кітапхана жүйесінің келушілерге қолайлылығын атап өтті.

Қымбатты, оқырман, сіздерді жарқын болашақ сыйлайтын кітапханамызда күтеміз!

Мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Хабарласыңдар!

+7 7778550705

8(7232) 25-17-70

Жаңалықтар
Контактілер