news
130 жылдыққа арнау: оқушылар Бегалин шығармаларын заманауи форматта зерделеді

Биыл балалар әдебиетінің бәйтерегі Сапарғали Бегалиннің 130 жылдық мерейтойы.

Осыған орай Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 орта мектептің 8 сынып оқушылары кітап ордамызға келіп, библио-сабаққа қатысты. Әйгілі жазушының ғибратты ғұмырбаяны және бай шығармашылығымен танысты. Танымал тұлға туралы білімдерін де сарапқа салды.

Осыдан кейін қатысушыларға «Бала Шоқан» шығармасындағы «Мүсінші Мысық» атты бөлімінен үзінділер берілді. Ал балалар мәтінді мұқият оқып шыққаннан кейін GEMINI нейрожелі арқылы бейнелеуді үйренді. PIXVERSE бағдарламасының көмегімен бейнелерге «жан» бітірді. Осылайша заманауи технологияның қыр – сырын да меңгерді.

Жаңалықтар
Контактілер