Кітапхана туралы

Комикстерге, мангаға және анимацияға қызығатын барша жанды «COMICS-CLUB» комикс-орталығына шақырамыз! Мұнда жасына да, білім деңгейіне де қарамастан әр адам өзіне қызықты дүниені таба алады.
Біздің орталықта сіз:
▪ ең танымал және сирек кездесетін комикстер мен манганы оқи аласыз;
▪ сүйікті кейіпкерлер мен сюжеттерді пікірлес жандармен бірге талқылай аласыз;
▪ әсерлеріңізбен бөлісіп, жаңа әлемдер мен оқиғаларды аша аласыз;
▪ сурет салу дағдыларын дамытып, өз аниме-кейіпкерлеріңізді жасай аласыз;
▪ шеберлік сабақтарына, байқауларға және тақырыптық кездесулерге қатыса аласыз.
Бізге қосылып, комикстердің, шығармашылық пен қиялдың қызықты әлеміне еніңіз, жаңа достар тауып, өз жобаларыңызға шабыт алыңыз!
Байланыс және ақпарат:
Анықтама үшін WhatsApp: +7 708 212 78 26 (Руслан)
Мекенжайымыз: Е. Славский атындағы жағалау, 22
Жұмыс кестесі: әр бейсенбі күні сағат 15:00 — барлық жас санаттарына арналған іс-шаралар