news
РИДДЕРДЕН ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ КЕЛДІ

 Алыстан ат арытып жеткен Әріптестерімізге  кітапханамыздың заманауи жобаларын, тақырыптық көрмелерімізді таныстырып, жаңашыл істеріміз туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп бердік. 

«Оралхан Бөкейдің әдеби залында» жазушының шығармашылық мұрасы мен жәдігерлерін көрсеттік. BOKEY.KZ  электронды кітапханамызда жинақтаған қорымызбен таныстырдық.  

 Оқу залындағы  «Ана мен Бала» алаңы, Коворкинг тиімді нәтижесі туралы әңгімеледік. 

 «Ата-Баба дәстүрі – ХХІ ғасырда жобасы бойынша жүзеге асырылған         VR Киіз, «Оюлар сөйлейді», «Бата алыңыздар – Бақ қонады», «Ортеке биі», «Жеті Ата», «Ұлттық Киімдер – Ұрпаққа аманат»  атты жобаларымыз да әріптестерімізге әдемі әсер сыйлады.

«Балалар бөлімінде»  жас ұрпақты кітап оқуға тартып, ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу бағытындағы іс-шаралар және  «Менің ғажайып Әлемім» атты мультстудияның  жұмысына да  қызығушылық танытты.

Осылайша, Риддерден келген әріптестерімізбен  өзара кәсіби іс-тәжірибе бөлістік.

Келіңіздер, мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Сұраңыздар,  хабарласыңыздар:

 8 (7232) 25-17-70                        

 +7 747 212 83 31

 +7 707 494 98 83

Жаңалықтар
Контактілер