Кітапхана туралы


14 қаңтар күні Оралхан Бөкей атындағы кітапханада журналист, Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша сарапшы, ғарыш тақырыбына арналған деректі фильмдер мен кітаптардың авторы Сара Қабиқызы Нұрғалиевамен онлайн-кездесу сәтті өтті.
Кездесу
«Талғат Мұсабаев — ашық ғарышқа шыққан тұңғыш қазақ»
тақырыбында ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандары, жастар және Қазақстанның ғарыш тарихына қызығушылық танытқан көпшілік тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.
Онлайн-кездесу барысында Сара Қабиқызы Талғат Мұсабаевтың өмір жолы мен кәсіби қызметі туралы тың деректермен бөлісіп, оның ғарышқа жасаған сапарлары, жетістіктерінің Қазақстан мен әлемдік ғарыш саласы үшін маңызы жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, тұңғыш қазақ ғарышкеріне арналған кітаптар мен деректі материалдардың дайындалу барысы туралы да баяндады.
Кездесу барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Тыңдармандар шараның мазмұнды, танымдық әрі шабыт беретін деңгейде өткенін атап өтті. Онлайн формат әртүрлі өңірлерден қатысушылардың қосылуына мүмкіндік беріп, іс-шараның қолжетімділігін арттырды.
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымы мазмұнды әрі әсерлі кездесу үшін Сара Қабиқызы Нұрғалиеваға алғыс білдіреді, сондай-ақ Қазақстанның ғарыш тарихына деген қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға ризашылығын жеткізеді.