news
Кітапхана шабыт бергенде: аға буынға арналған шығармашылық пен жасанды интеллект

Оралхан Бөкей атындағы кітапханада тарихты тек оқып қана қоймайды — мұнда оны бірге жасайды. Кітапхана кеңістігі бүгінде әр буын өкілдері үшін шығармашылық пен зияткерлік дамуға арналған ашық ортаға айналды.

«Кітапхана — қарт адамдардың зияткерлік даму орталығы» жобасы аясында COMICS CLUB-та танымдық әрі шабыт беретін сабақ өтті. Қатысушылар суретші, иллюстратор ретінде өздерін сынап көріп, күштің, қозғалыстың және еркіндіктің символы саналатын жылқы бейнесі арқылы сурет салудың негіздерін меңгерді.

Сонымен қатар қатысушылар жасанды интеллект көмегімен ескі фотосуреттерді қалпына келтірумен айналысты. Практикалық жұмыс барысында ИИ технологияларының көмегімен фотосуреттердің сапасын жақсарту, жоғалған бөлшектерді қалпына келтіру және отбасы мен тарихи мұраны сақтаудың жаңа мүмкіндіктері көрсетілді.

Кітапхана қорындағы комикстерді bikeylibrary.kz сайты арқылы брондауға болады.
Қосымша ақпарат және жазылу үшін: WhatsApp +7 747 212 83 31

Сіздерді мына мекенжайда күтеміз:
Өскемен қаласы, Е. П. Славский атындағы жағалау, 22
Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана

Сіз сурет салғанды немесе ИИ арқылы фотосуреттерді қалпына келтіруді ұнатасыз ба? Пікірлерде бөлісіңіз.

Жаңалықтар
Контактілер