news
Кітапхананың 3D-орталығында студенттік жоба аясында өнеркәсіптік бөлшектің прототипі сәтті басып шығарылды

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың 3D-орталығында студенттік жоба аясында практикалық жұмыс жүргізілді. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті аддитивті технологияларды қолдана отырып, өз жобасының маңызды кезеңі — өнеркәсіптік бөлшектің прототипін сәтті басып шығарды.

Басып шығару жұмыстары кітапхананың 3D-орталығының маманы Глеб Степановтың тікелей қолдауы және кеңесімен жүзеге асырылды. Маманның жетекшілігімен студентка жабдықты баптап, басып шығару параметрлерін дұрыс таңдап, 3D-принтерде басып шығару процесін іске қосты.

Нәтижесінде сандық модельге және жобаның техникалық талаптарына толық сәйкес келетін дайын прототип алынды. Алынған үлгі бөлшек алдағы уақытта тестілеу мен жобаны одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.

Бұл жұмыс кітапхана мен жоғары оқу орындары арасындағы тиімді әріптестікті, сондай-ақ 3D-орталықтың студенттерге арналған тәжірибеге бағытталған білім беру және инженерлік жобаларды іске асыру алаңы ретіндегі мүмкіндіктерін айқын көрсетеді.

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың 3D-орталығы заманауи технологияларға қызығушылық танытқан барлық азаматтарға ашық.

Баршаңызды кітапхананың 3D-орталығына шақырамыз!
Мұнда сіз:

  • 3D-модельдеу және 3D-басып шығару негіздерін меңгере аласыз;
  • мамандардан кеңес ала аласыз;
  • прототиптер, макеттер және бөлшектерді басып шығара аласыз;
  • оқу, шығармашылық және инженерлік жобаларыңызды жүзеге асыра аласыз.
Жаңалықтар
Контактілер