news
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР – КІТАПХАНАДА

Өскемендегі мемлекеттік қызмет академиясының бөлімшесінде дәріс алушы мемлекеттік қызметкерлер кітапханамызға келіп, күнделікті қарбалас қызметтен соң рухани демалды. 

Жүзеге асырылып жатқан түрлі бағыттағы үрдістермен танысып, кітап әлеміне саяхат жасады.

Жасанды Интеллектің қыр-сырын зерделеп,  «3D  орталығы»  және «КомиксКлуб жұмыстарымен танысты. 

«Сөйлейтін оюлар,  «Ұлттық Киім – Ұрпаққа  аманат» AR  көрмелерін тамашалады.

«Ата-Баба дәстүрі – ХХІ ғасырда» жобасы бойынша ұлттық құндылықтарымыз туралы  құнды ақпараттарға қанықты.

 Бір сәт  асық ату, бес тас, ләңгі ойындарын  ойнап, балалық шаққа саяхат жасады.

 МульСтудияда  мультфильм түсіру құпиясымен танысты.

Зияткерлік ойындарға қатысып, саналарын сергітті.  Кітап оқып,  мазмұнын бірге  талдап, алған әсерлерімен бөлісті.

Осылайша, мемлекеттік қызметкерлер кітапханада «БиблиоШИПА» күнін өткізіп, рухани серпіліп қайтты. 

Сіздерді де  Оралхан Бөкей кітапханасына келіп, жан-жақты рухани демалуға шақырамыз! 

Мекенжайымыз:

Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Жаңалықтар
Контактілер