news
ҰБТ-ға дайындыққа арналған жаңа кітаптар келіп түсті!

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қорына математика және оқу сауаттылығы пәндері бойынша жаңа оқу құралдары келіп түсті.

Жаңа басылымдар қатарында:

  • 📐 математикадан жаңартылған тест жинақтары, типтік есептер мен олардың толық шешімдері;
  • 📖 оқу сауаттылығынан мәтінмен жұмыс жасауға, ақпаратты талдауға және логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар;
  • ҰБТ форматына сәйкес дайындалған практикалық нұсқаулықтар бар.

Бұл кітаптар емтихан талаптарына сай жүйелі дайындалуға және жоғары нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.

📍 Барша талапкерлерді кітапханаға шақырамыз!
Кітаптарды оқу залында пайдаланып немесе үйге алып дайындалуға болады.

Бүгіннен бастап дайындал — ертеңгі жетістігіңе сенімді қадам жаса! 🎓

Жаңалықтар
Контактілер